Жаңалықтар

Тарбағатай ауданында балық өнімдерін өңдейтін зауыт салынады

Тарбағатай ауданында балық шаруашылығын дамыту бағытында ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Тарбағатайда құны 3,5 млрд теңгені құрайтын балық өнімдерін өңдейтін зауыт салу жоспарланған.

Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, жобаны «CRYSTAL LAKE» ЖШС жүзеге асырады. Қазіргі уақытта жер учаскесін рәсімдеу және қажетті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна өнімді құрайды. Зауыт жергілікті шикізатты өңдеу көлемін арттырып қана қоймай, аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button