Жаңалықтар
Шығыста 38 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 16-18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, және 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.
Күндіз ауа температурасы еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде +35…+40°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін жоғарылайды.



