Жаңалықтар

«Ақ Берел» туристік соқпағы уақытша жабылды – ШҚО

Ақ Бұлақ өзенінде су деңгейінің көтерілуі және өзендегі көпірдің қауіпсіздігіне байланысты «Ақ Берел» туристік соқпағы уақытша жабылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақ Берел» соқпағы бойынша Қаракөл көлінен төмен орналасқан лагерьлерге дейінгі бағытқа келушілердің кіруі 1 шілдеге дейін уақытша тоқтатылды.

– Баршаңызды түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бағыт қайта ашылғаны туралы қосымша ақпарат ұлттық парктің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады, – делінген Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button