ШҚО-да Рахман қайнарына баратын жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автомобиль жолының 437 – 450 шақырым аралығында (санаторийге кіреберіс жол) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жобаның жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайды. Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарына 31 маман мен 22 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда 5 шақырымда жол негізінің профилін жаңа материал қосу арқылы түзету жұмыстары орындалды. Сондай-ақ қара қиыршықтас негізін төсеу бойынша 1,5 шақырымда жұмыстар аяқталды. Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде аталған учаскенің көлік қозғалысы қауіпсіздігі мен жайлылығы артып, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.



