Жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері 12 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды
10-14 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Төрт күнге созылған рейдтік іс-шаралардың нәтижесі бойынша жолдарда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдалану фактілері тіркелген жоқ.
– 2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы аумағында көлік құралдарын көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарудың 12 фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – деп ШҚО ПД баспасөз қызметі.



