Жаңалықтар

Самар ауданындағы жағажай абаттандырылады

Шомылу және демалыс аумағын кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға беру арқылы абаттандыру көзделіп отыр. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов мәлімдеді.

– Қазір ауданымызда ресми түрде рұқсат етілген екі жағажай бар. Әкімдік кәсіпкермен меморандум жасасты. Біз жағажайды оған сенімгерлік басқаруға береміз. Ал кәсіпкер өз кезегінде дәретханалар, киім ауыстыратын кабиналар мен жатын орындықтар (лежактар) орнатуға міндетті. Сондай-ақ, ол жерде коммерциялық қызмет жүргізеді. Осылайша жағажайды абаттандырмақпыз, – деп түсіндірді Мұрат Байжүменов.

Қазір Самар ауданында 71 демалыс орны жұмыс істейді. Жазғы туристік маусымға дайындық аясында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button