Жаңалықтар
Өскеменде ашық аспан астында спектакльдер қойылады
Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының террасасында спектакль тамашалауға болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
21 маусым күні сағат 19:00-де «Ғашықтар хикаясы немесе общагадағы серілер» (музыкалық комедия);
26-27 маусым күндері сағат 19:00-де «Махаббат туралы» спектаклі қойылады.
– Ашық аспан астындағы ерекше атмосферада өтетін спектакльдерге шақырамыз. Жазғы кештерді театрмен бірге өткізіп, сүйікті қойылымдарыңызды тамашалаңыздар. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда, – делінген хабарламада.



