Жаңалықтар

Өскемен – Таулы Үлбі тасжолын кеңейту жоспарланған

Облыстық маңызы бар Өскемен – Таулы Үлбі автожолын көлік ағынының артуына байланысты кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

– Туристік аймақтың көлік қолжетімділігін арттыру үшін ұзындығы 23 шақырым болатын Өскемен – Таулы Үлбі автомобиль жолын кеңейту қажет. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жоба экономика басқармасының қарауында, – деп атап өтті Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Жоба аясында шамамен 800 автокөлікке арналған тұрақ орындарын салу да көзделген. Жол кеңейтілгеннен кейін туристік нысандарға көлікпен жету мүмкіндігі жақсарып, жол қозғалысының қауіпсіздігі артады және демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалады деп жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button