Жаңалықтар

Глубокое ауданында экопарк салынады

Жаңа экопарк Глубокое ауданы Горная Ульбинкада шаңғы базасы мен The Forest қонақүйінің арасында орналасады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Жоба аясында аумағы 40 гектар болатын рекреациялық аймақ құрылады. Экопарк аумағында ұзындығы үш шақырымнан асатын терренкур салу, балалар мен спорт алаңдарын, сондай-ақ экостильде жасалған күркелер орнату жоспарланған.

– Жобаны іске асыру мерзімі 2026 жылдың үшінші тоқсаны. Бұл демалыс аймағы ауданның туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді, – деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлығы үш экопарк салу жоспарланған. Олар Өскемен қаласында,  Горная Ульбинка маңында және Ұлан ауданы аумағында орналасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button