БастыЖаңалықтар
ШҚО-дағы литий кен орнын игеру: жоба қай кезеңде

Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» литий кен орнын игеру жобасының қай кезеңде тұрғанын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог алаңында айтып берді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазіргі уақытта онда мемлекеттік есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үдерістер тиісті түрде қорғалуда. Одан әрі кен орнын өңдеу және игеру мәселелері қаралатын болады», — деді вице-министр.
Оның айтуынша, қор көлемінің нақты көрсеткіштері тәуелсіз мамандардың растауынан кейін жарияланады.



