Жаңалықтар

Өскеменде ашық аспан астында концерт өтеді

Облыс орталығында 18 маусым күні «Big band» джаз оркестрінің «Вечер в ритме Jazz» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

18 маусым сағат 20:00-де Республика алаңында (субұрқақтың маңында) «Big band» джаз оркестрінің «Вечер в ритме Jazz» концерті ұйымдастырылады. Дирижер – Мәдениет саласының үздігі Александр Адамов.

Кеште республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Анара Шакенова, Арника Байбусынова, Юлия Юрочкина, Асем Рыспаева өнер көрсетеді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button