Жаңалықтар

Самар ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Бүгін Самар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжүменов көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттарды табыстады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Самар ауданының тұрғындары Абдрахманова Назерке Мұратқызы, Кирешхан Балдырған және Мухамадиева Шынар Берікболқызы «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Салтанатты рәсім барысында Мұрат Байжүменов марапат иелерін құттықтап, олардың бала тәрбиесіндегі еңбегіне және отбасы құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар көпбалалы аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button