Жаңалықтар
Әуезов даңғылындағы тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Өскемен қаласының бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында өңірде бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары мына мекенжайларда жүргізіліп жатыр:
– Әуезов даңғылы, 496, 39, 60, 33,35;
– С. Нұрмағамбетов көшесі, 50,53;
– Протозанов көшесі, 61.
– Қазіргі уақытта жұмыстардың 70 пайызы аяқталды. Жаңартылған қасбеттер қаланың көркін арттырып, тұрғындарға жайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға ықпал етеді, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігі.



