Жаңалықтар
Өскеменде жаңа шағын футбол алаңы салынады
Өскемендегі Қабанбай батыр көшесі, 91 мекенжайындағы аумақты абаттандыру аясында жаңа футбол алаңын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қазіргі уақытта қоршауды дәнекерлеу және сырлау жұмыстары атқарылып жатыр. Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін қоршауды орнату жұмыстары жүргізіледі. Жобаны іске асыру тұрғындардың спортпен шұғылдануы мен белсенді демалысы үшін заманауи әрі қолайлы кеңістік құруға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.



