Шыбындыкөлге апаратын жол жөнделіп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында аудандық маңызы бар Шыбындыкөлге кіреберіс автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Былтыр ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жол учаскесінде жол төсемін тегістеу, қосымша инертті материалдар төсеу арқылы нығайту және нығыздау жұмыстары жүргізілді.
– Қазіргі уақытта жол негізін қосымша материалдармен толықтыру және тегістеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар жоба аясында төрт қосымша су өткізу құбырын орнату жоспарлануда. Барлық дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аталған жол учаскесін асфальттау мәселесі қарастырылатын болады. Жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда, – деп хабарлады Ұлан ауданының әкімдігі.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар KF UL-3 РЖ – Ұлан – Бозанбай автомобиль жолының 0–27,2 шақырым аралығындағы және KF UL-10 Манат ауылына кіреберіс автомобиль жолының 0–20 шақырым учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



