БастыЖаңалықтар
Өскемендіктерді «Қазақстан» тауына шығуға шақырады

13 маусым, сенбі күні қала тұрғындары мен қонақтарын «Қазақстан» тауына жаппай шығып, таңды сергек бастауға шақырады. Іс-шараны «АУЫЛ» партиясы ұйымдастырып отыр.
Қатысушыларды тіркеу және жиналу таңғы сағат 07:00-де тау етегінде өтеді.
Бағдарлама аясында:
* кәсіби жаттықтырушыдан сергіту жаттығулары;
* таудың шыңына шығу;
* естелік фотосуреттер;
* қала көрінісін тамашалау қарастырылған.
Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы аяқ киім киіп, көтеріңкі көңіл күймен келуге кеңес береді. Сондай-ақ әрбір қатысушы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.



