Риддерде орманға баруға тыйым салынды
Риддер қаласында өрт қауіптілігінің жоғары болуына байланысты орманға баруға тыйым салынды, деп хабарлайды, Bizdiң Өskemen.
– 6 маусымнан бастап Риддер қаласының ормандарында жоғары (IV) өрт қауіптілігі класы белгіленгенді. Осыған байланысты, «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының» 17-тармағының 9) тармақшасы және «Орман өрті қауіпі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы» Қаулысы негізінде ормандарға баруға тыйым салынады. Бұл тыйым мол жауын-шашын болғанға дейін жалғасады, – деп хабарлады «Риддер орман шаруашылығы» КММ.
Осы талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 367- бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкерлік көзделген. Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі 10 АЕК (43 250 теңге) құрайды.



