Жаңалықтар
Өскеменде экопарк ашылады

Өскемен қаласының сол жағалау бөлігіндегі экопарк салу жоспарланған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жоспар бойынша экопаркті «Қайыңды тоғай» деп атадық. Экопаркке орындықтар, күркелер орнатылады. Ешқандай ағашқа зиян келтірілмейді, ландшафтты пайдаланып жұмыстар жүргізілетін болады, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
Жобаға сәйкес, экопарктің аумағында балалар және спорт алаңдары, терренкур, шағын футбол алаңы, туалет, шағын архитектуралық формалар орнатылады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы үш экопарк салу жоспарланған.



