Жаңалықтар

Самар ауданында туристік маусым ашылды

Самар ауданы Сарыбел жағалауында жазғы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Туристік маусымның ашылуына Самар ауданының тұрғындарынан бөлек, Шығыс Қазақстан облысының әр өңірінен келген қонақтар қатысты. Іс-шараға шамамен 5000-нан астам адам жиналды.

Жазғы туристік маусымның ашылуына орай ашық аспан астында түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, түрлі-түсті бояулар шоуы, көбікті кеш, концерт, қызықты байқаулар өтті.

Түрлі-түсті бояулар шоуы әсіресе балалар мен жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндер шат-шадыман көңіл күйге бөленіп, көтеріңкі әсер алды.

Көбікті кеш өңір тұрғындары мен қонақтарын ерекше әсерге бөледі. Ақ көбік шашылғанда барлығы мәз-мейрам болып, бір сергіп қалды.

Сонымен қатар іс-шара аясында концерт ұйымдастырылды. Сахнада Шығыс Қазақстан облысының өнерпаздары және кештің хедлайнері Say Mo өнер көрсетті. Жастар танымал рэп және хип-хоп орындаушысымен бірге қосыла ән шырқады.

Концерт барысында жиналған жұрт қызықты байқауларға қатысып, жеңімпаздар сыйлыққа ие болды. Іс-шара соңында отшашу атылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button