БастыЖаңалықтар

Күршімде жаңа балабақша ашылды

Кезінде Күршім шекара отрядына тиесілі болған ведомстволық балабақшаның ғимараты 10 жылдан астам уақыт бойы қараусыз қалған еді. Алдымен бұл нысанды республикалық деңгейде ҚР ҰҚК Шекара қызметінен сол кездегі білім министрлігіне, кейін аудандық әкімдіктің теңгеріміне өткізу мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келді.

Осыдан екі жыл бұрын ақыры инвестор табылды — бұл мектепке дейінгі білім беру қызметін көрсетуге маманданған «Эпиона LTD» жеке компаниясы. Нысан сенімгерлік басқаруға беріліп, оған түбегейлі реконструкция жасау басталды: пластикалық терезелер орнатылып, шатыры ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтар мен ойыншықтар сатып алынды. Сондай-ақ аумағы абаттандырылды. Жаңа балабақша өткен жылы ашылуы керек  болатын. Бірақ мекеме толық дайын болғаннан кейін, оны салтанатты түрде пайдалануға беру шарасы 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орайластырылды.

Бүгінгі күні аудан орталығында екі балабақша жұмыс істеп тұр. 280-ге жуық баланы қамтиды. Бірақ әлі де 161 бала кезекте тұр. Күзге дейін Күршім ауылындағы барлық баланы балабақшамен қамтуымыз керек, — дейді аудан әкімі Мейіржан Әлібеков.

«Дара бала» балабақшасы бұл сұранысты толықтай дерлік жабады. Мұнда екі жастан асқан 146 бала қабылданады. Аудан орталығында кезек туған сәттен бастап есептелетіндіктен, кішкентайлар сәл өскенше, жергілікті биліктің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңа орындар ашуға әлі де уақыты бар. Ауданның басқа елді мекендерінде мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істейтінін айта кету керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button