Жаңалықтар

«Нерест»: ШҚО-да 80-нен аса құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткен республикалық «Нерест» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Іс-шара барысында ШҚО Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, балық уылдырық шашатын орындарды, су айдындарының жағалауларын және көлік бағыттарын қамтитын кешенді рейдтік шараларды жүзеге асырды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Тарбағатай ауданында Зайсан көлінің жағалауында заңсыз балық аулаумен айналысқан 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында одан моторлы қайық пен 55 келіге жуық көксерке балығы тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

– Іс-шара өткізілген кезеңде барлығы 100-ден астам рейдтік іс-шара жүзеге асырылды. Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383- бабына сәйкес 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар балық ресурстарын заңсыз аулауға және олардың айналымына байланысты 3 қылмыстық іс тіркелді, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button