Жаңалықтар
Үлкен Нарын – Күршім тасжолында автоматтандырылған салмақ өлшеу жүйесі орнатылып жатыр
Облыстық маңызы бар Үлкен Нарын – Күршім автомобиль жолының 132-шақырымында (Күршім ауылы маңында) автоматтандырылған салмақ өлшеу жүйесін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
– Жұмыстар аяқталғанға дейін көлік қозғалысы уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілерден жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жолда аса мұқият болуды сұраймыз, – деп хабарлады ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.



