Жаңалықтар
Арбатта «Дала дауысы» концерті өтеді
Өскемендегі Арбатта креативті индустрияны дамыту аясында «Дала дауысы» көше концерті өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Концертте Units, No Time Is Left тобы өнер көрсетеді. Кеште музыканттар үш бөлімнен тұратын ерекше бағдарлама ұсынады: алдымен акустикалық гитарамен өнер көрсетсе, кейін жанды вокалмен сүйемелденген аранжировкалық шығармаларын орындайды.
– Кеш барысында ресми стримингтік платформаларда әлі жарияланбаған көптеген композициялар шырқалады. Сондықтан бұл туындыларды тек жанды орындауда тыңдай аласыз. Арбаттағы ашық аспан астындағы ерекше атмосфера, жанды музыка мен шығармашылыққа толы кеш сіздерді күтеді, – делінген хабарламада.
Концерт 7 маусым күні сағат 18:00-де басталады. Кіру тегін.



