Өскеменде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына жұмысқа қабылдау басталды
«Өскемен қалалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы» жазғы маусымда 16-35 жас аралығындағы жастарды жұмысқа орналасуға шақырады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қатысу шарттары:
– Қазақстан Республикасының азаматы немесе ата-анасының бірінің азаматы болған жағдайда, олардың тұрақты тіркеуі болуы керек (егер қатысушы 18 жасқа толмаған болса);
– 16 мен 35 жас аралығы;
– 3×4 фото (2 дана);
– Медициналық анықтама №075/у.
Қажетті құжаттар:
– Ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі (егер қатысушы 18 жасқа толмаған болса) және туыстығын растайтын құжат;
– Жеке куәліктің көшірмесі;
– Kaspi Bank-тегі 20-таңбалы жеке шоттың болуын растайтын анықтама;
– Медициналық анықтама №075/у.
Құжаттар «Jastar Oskemen» комьюнити орталығында (Жібек жолы көшесі, 3) қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 (706) 652-43-10.



