Жаңалықтар
ШҚО-да 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
Шығыс Қазақстан облысында 10 маусымнан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Аталған қызметті ата-аналар OQU Ұлттық Білім беру платформасында электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе egov.kz порталы арқылы да алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке, онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. Өтінім беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер толтырады және сканерленген құжаттарды тіркейді, – деп хабарлады ШҚО білім басқарамасы.



