Жаңалықтар

Өскеменде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгінгі күнге дейін қаланың 15 710 шаршы метрден астам аумағына акрил бояуымен жол таңбалары салынды.

Жол таңбаларының түнгі уақытта анық көрінуі үшін арнайы жарық шағылыстыратын шыны микрошариктер қолданылады. Олар автокөлік шамдарының жарығын кері шағылыстырып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сапалы жол таңбалары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button