Жаңалықтар
Өскеменде балалардың жол қауіпсіздігіне арналған акция өтті
Өскемен қаласында А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің «Жоламан» жас жол инспекторлары жасағы «Басты жолаушы – бала» атты профилактикалық акция ұйымдастырды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара барысында жас инспекторлар жүргізушілерге кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
– Акцияның негізгі мақсаты – ата-аналардың назарын балалардың жол қауіпсіздігі мәселесіне аудару және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Сараптамалық деректерге сәйкес, балалар автокреслоларын пайдалану жол-көлік оқиғалары кезінде бала өлімінің қаупін 71 пайызға төмендетеді, – делінген хабарламада.



