Жаңалықтар

Риддерде қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

5-6 маусым аралығында Риддер қаласында қала күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

5 маусым күні:

Сағат 08:30-да Мәдениет сарайында «Риддер тарихи аспектілер тұрғысынан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, сағат 13:00-де «Риддер – кенді Алтайдың кереметі» атты облыстық ақындар айтысы өтеді.

6 маусым күні:

Сағат 10:00-де 94-квартал ауданындағы ипподромда Риддер қаласының ІІ Ұлттық «Ата мұра» ойындары өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарын көкпар, топ бәйге және аударыспақ,  қазақша күрес, арқан тартыс, садақ ату және «Толағай» сайыстары, «Шырға тарту» жарысы, спортшылардың көрсетілімдік өнерлері, концерттік бағдарлама, бағалы сыйлықтар ұтысы, мерекелік көңіл-күйге толы сауда-саттық күтеді.

Ұлттық «Ата мұра» ойындарының салтанатты ашылу рәсімі сағат 10:00-де басталады. Қонақтар үшін ерекше сый – әуе шарымен көкке көтеріліп, Риддер қаласын биіктіктен тамашалау мүмкіндігі ұсынылады.

Кешкі сағат 18:00-де республика алаңында танымал әртістер BAYANSULU, Анар Батырхан, KILIMANJARO SHOW шоу-тобының қатысуымен мерекелік концерт басталады. Кештің жүргізушілері – Құмар Лұқманов  пен Нұрдәулет Шертім. Ал кешті DJ Ден әсем әуенмен әрлейді. Мерейтой 22:00-де отшашумен аяқталады.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button