Жаңалықтар

Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Облыс орталығындағы «Металлург» саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жайма шуақ жаздың алғашқы күні мерекелік көңіл күймен басталды. Бүгін Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күні арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

«Металлург» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Bubble party – Барлығы мүмкін!» атты мерекелік концерт өтті.

– Бүгін біздің қаламызда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өтіп жатыр. Бүгін осындай қуанышты күнді ерекше күтіп отырған бүлдіршіндердің ата-аналарының арқасында осындай қуанышты мерекеге жетіп отырмыз, – дейді Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Думанғазы Арғынғазин.

Мерекелік бағдарлама барысында балалар әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін паш етті.

– Бүгінгі концерт жақсы өтті. Маған өте ұнады. Концертте қызым да өз өнерін көрсетті. Мерекелік іс-шара әсерлі болды. Бүлдіршіндердің мерекесі құтты болсын. Балаларға бақытты балалық шақ тілеймін!, – деді қала тұрғыны Саида Батаева.

Ашық аспан астында өткен концерт бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

– Жыл сайын балаларды қорғау күніне орай Өскемен қаласының қосымша білім беру ұйымдары қала әкімдігінің қолдауымен балаларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырады. Бүгін мерекелік іс-шара Металлургтер саябағында өтіп жатыр. Мұнда концерттік алаңнан бөлек, екі ойын алаңы ұйымдастырылған. Негізгі сахнада және концерттік алаңдарда шығармашылық ұжымдар, Оқушылар шығармашылық сарайының, №19 қосымша білім беру орталығының, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің және №1 балалар музыка мектебінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Осындай ауқымды жобаның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз, – деді Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Жанна Тюлюкова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button