«Өскемен – Достық» пойызы күнара қатынайды
Жазғы маусымда жолаушылар сұранысының артуына байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қарағанды – Балқаш», «Семей – Достық» және «Өскемен – Достық» бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, бұл бағыттар өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға және жаз мезгілінде жолаушыларды тасымалдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
№459/460 «Өскемен – Достық» пойызы
Пойыз 3 маусымнан бастап күнара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.
Қозғалыс кестесі:
Өскемен станциясынан жөнелту – 15:20;
Достық станциясына келу – 11:05;
Достық станциясынан жөнелту – 12:35;
Өскемен станциясына келу – 07:22.
– Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 354 орын. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары және мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан білуге болады, – делінген хабарламада.



