Зайсанда тері жинайтын, Күршімде жүн жинайтын пункт ашылмақ

ШҚО-дан жиналған тері Семей қаласындағы зауытты шикізатпен қамтамасыз етуге үлес қоспақ.
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өңірдегі жүн және тері жинау жұмысын кеңейтуде.
Зайсан ауданында «Жармұханбат» шаруа қожалығы жақын орналасқан елді мекендерден тері жинаумен айналасады. Жармұханбат Айтбек осы істі ары қарай дамыту мақсатында Зайсан ауданының әкімдігімен бірлесіп тері жинау пункітін ашуды қолға алды, — деп мәлімдеді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы.
Жалпы ел аумағында 11 тері өңдеу зауыты мен цехі, жүн өңдеу саласында7 кәсіпорын бар. Кәсіпорындардың басым бөлігі Батыс Қазақстан өңірінде және республиканың оңтүстік аймақтарында орналасқан.
Ал тері өңдеу зауытының бірі көрші Абай облысының Семей қаласында орналасқан -«ST Invest Group» ЖШС. Компания сапасы әртүрлі – төмен сорттан бастап, жоғары сортқа дейінгі шикізатты қабылдайды. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы айына 1000 тонна өңделген өнім, алайда шикізат тапшылығына байланысты қазіргі таңда 500–600 тонна көлемінде ғана жұмыс істеп отыр.
Осы кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз етуге шығыс та өз үлесін қоспақ. Сол үшін де Зайсан ауданында тері дайындау пунктінің жұмысы жанданады, — делінген ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ақпаратында. — Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Зайсан ауданының әкімінің орынбасары мен «ST-Invest Group» ЖШС зауытының басшысы меморандумға қол қойды. Яғни, Зайсан ауданындағы тері дайындау пунктінде жиналған шикізатты «ST-Invest Group» ЖШС зауытына тікелей өткізу бойынша келісім жасалды.



