Жаңалықтар
ШҚО-да «Мототехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 29-31 мамыр аралығында облыстық «Мототехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мотокөлік жүргізушілері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деп хабарлады Өскемен қаласы Полиция басқармасы.



