Самар ауданында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Самар ауданындағы Қайыңды орманшылығы аумағында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шараға Самар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ПЧ-32 жеке құрамы, «Самар орман шаруашылығы» КММ мамандары, ауылдық округ әкімдері мен азаматтық қорғау қызметтері қатысты.
– Оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру кезіндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылы жетілдірілді. Сонымен қатар ақпарат алмасу, радио байланыс орнату, өртті сөндірудің әдіс-тәсілдері және өртке қарсы құрылымдардың жауынгерлік дайындығы тексерілді. Практикалық бөлімде су алу орындарын ұйымдастыру, қарсы өрт қою, өрт сөндіру тактикасын қолдану және өрт сөндіру техникасымен жұмыс істеу бойынша жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ өрт орнындағы штаб жұмысы мен байланыс жүйесін ұйымдастыру мәселелері де қарастырылды, – деп хабарлады Самар ауданының баспасөз қызметі.



