Жаңалықтар
Арбатта Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтеді
Өскеменде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
1 маусым күні сағат 13:00-де Арбатта «Ауыл нақыштары» атты суреттер көрмесі өтеді. Көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік фотографтар мен әуесқой фотографтардың жұмыстары ұсынылады.
Сағат 14:00-де Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған мерекелік концерт өтеді.
Сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін балаларға арналған аниматорлармен қызықты ойындар және байқаулар өткізіледі. Сондақ-ақ интерактивті аймақтар, квесттер және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.



