Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылданып жатыр
Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен неке (ерлі-зайыптылық) институтының оң имиджін қалыптастыруға және отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға өтінім Қағидаларда көрсетілген нысан бойынша конкурс басталғаны туралы хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қалалық комиссияға қағаз немесе электрондық форматта келесі құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады:
– ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
– қабылдаушы (қорғаншылықтағы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті орган шешімінен үзінді;
– неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
– ата-аналардың біреуінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
– балаларды тәрбиелеудегі жетістіктері үшін берілген наградаларды, сондай-ақ белгілі бір жетістіктер үшін марапаттарды растайтын құжаттардың көшірмелері;
– заңды және (немесе) жеке тұлғалардан ұсыныс хаттар (кемінде екеу);
– отбасы мүшелерінің еңбек қызметіндегі, спорттағы, шығармашылықтағы, зияткерлік және ғылыми салалардағы жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
– қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, демеушілік, тәлімгерлік) қатысқанын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар түпнұсқаларымен бірге ұсынылуы қажет.
Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдардың құрамында болған (немесе бұрын болған) мүшелері бар, сондай-ақ құрамында бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен құжаттарды қабылдау «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ арқылы жүзеге асырылады.
Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімдерді қабылдау қалалық комиссиямен 15 мамырдан 15 маусымға дейін қағаз және электрондық форматта жүргізіледі. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 14 маусым.
Өтінімдер төмендегі тәсілдер арқылы қабылданады:
– Чехов көшесі, 33, 4-кабинет;
– электрондық пошта: 265119ops@mail.ru.
Қосымша сұрақтар бойынша 8-7232-26-48-92 телефоны арқылы немесе 8-705-526-16-40 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы хабарласуға болады.
Қалалық комиссия келіп түскен өтінімдерді 15 маусымнан 29 маусымға дейін қарастырып, іріктелген материалдарды конкурстың екінші, облыстық кезеңіне қатысу үшін жолдайды.
Айта кетейік, байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі 13 қыркүйек күні өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.



