Ең үлкені — 52 жаста: ШҚО дәрігерлерін жастары үлкен әйелдердің жүктілігі алаңдатып отыр

Қазір әйелдердің жасы 50-ді қойып, 35-тен асса, оған бала босану мүмкіндігі қиындап барады.
ШҚО-ның дәрігер қауымы осы жағдайды сөз етіп, әйелдер денсаулығы жайында дабыл қағып, шығысқазақстандықтардың назарын аударып отыр. Осыған қарамастан кейбірі 40-қа келгенде «қылық» шығарып, сол бір кезеңде өмірге ұрпақ алып келуге «құлшыныс» танытып отыр.
-Жалпы алғанда, аталған жаста бала көтеру физикалық тұрғыдан алғанда өте қиын. Бізде өзі жүкті болған 47 жастағы әйел бар және ЭКО арқылы көтерген 52 жастағы әйел бар. Үлкен жастағы жүктілік кезінде ең алдымен әйел өзінің өміріне қауіп төндіреді, — деп мәлімдеді ШҚО бас репродуктологі Надира Слямханова.
Айта кетейік, елімізде әйелдердің фертильді (балалы болуға қабілетті) жасы ресми түрде 49 жаспен шектеледі. Алайда бұған дейін бұл процедураны 49 жастан асқан әйелдер де қабылдай алатын.



