Жаңалықтар
27 мамыр күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 27 мамыр күні Құрбан айт мейрамына байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер жұмыс істемейтінін хабарлады.
– Мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді, – делінген хабарламада.



