Жаңалықтар
Өскеменде республикалық «Showmen Fest 2026» фестивалі өтеді

Өскеменде креативті индустрияны дамыту аясында жүргізушілер арасында республикалық «Showmen Fest 2026» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Фестиваль 28 мамыр күні сағат 19:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында (Тоқтаров көшесі, 47а) ұйымдастырылады.
Байқаудың мақсаты – конферанс өнерін насихаттау, іс-шара жүргізушілердің кәсіби деңгейін арттыру, талантты жүргізушілерді анықтап, қолдау көрсету.
Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында танымал асабалар мен шоумендер бар: Есқара Бейбітов, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан.



