БастыЖаңалықтар

2026-2027 оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді

Алдағы 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның ішінде 75 371 грант бакалавриатқа, 11 007 грант магистратураға, ал 3 079 грант докторантураға бөлінеді.

Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген.

«Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомство мәліметінше, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 19 250; педагогикалық ғылымдарға – 13 738; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 11 662; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға – 9 363; ауыл шаруашылығы және биоресурстарға – 3 145; денсаулық сақтау саласына – 2 700; қызметтер бойынша – 2 400; өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 915; әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша – 1 485; бизнес, басқару және құқыққа – 1 423; ветеринарияға – 1 275 грант бөлінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button