Жаңалықтар

«Жаңа Өскемен» станциясына пойыздардың тоқтауы мәселесі қарастырылып жатыр

Өскеменде Сол жағалау ауданындағы «Жаңа Өскемен» станциясында жолаушылар пойыздарының тоқтау мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қала әкімдігі бұл бағытта «Қазақстан темір жолы» компаниясымен тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

– Бұл бастама, ең алдымен, Жібек мата комбинаты ауданы және сол маңдағы шағын аудандардың  тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Пойыздардың аталған станцияға тоқтауы тұрғындардың қала ішіндегі қатынасын жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, вокзалға қатынауды жақсарту мақсатында Республика көшесінде жүргізілген жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда жол жабыны жаңартылып, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалды, – деп жазды Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button