БастыЖаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері 12 нәресте туылмай жатып шетінеп кеткен

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 2026 жылдың төрт айында Ана мен бала орталығына 1933 жүкті әйел түскен.
Осы уақыт аралығында 2006 сәби өмірге келді, ал 12 бала оттегі жетіспеушілігі (ұрықтың антенаталдық асфиксиясы) салдарынан босану сәтіне дейін іште шетінеп кеткен.
Ведомство сонымен қатар аталған кезеңде нәресте немесе ана өлімі тіркелмегенін хабарлады. Айта кеткен жөн, 21 жүкті келіншек босанғанға дейін мүлдем есепке тұрмаған.
Ең жас босанғаны — 16 жаста, ең үлкені — 47 жаста, — деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасы.



