Жаңалықтар
Өскеменде шомылу маусымы ресми түрде 15 маусымда ашылады
Биыл облыс орталығында «Самал» саябағындағы және КНМ аумағындағы қазаншұңқыр жағажайында ғана ресми түрде суға түсуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ал Сол жағалауда орналасқан Көгілдір көлдер аумағындағы жағажай тек катамаран, қайық және сапбордтарды жалға беру үшін ғана қолжетімді болады.
Маусым ашылар алдында мамандар жағажайлардың суы мен топырағына зертханалық тексеру жүргізеді.
Қазіргі уақытта «Самал» саябағындағы жағажай мен КНМ жағажайында дайындық және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жұмыстар шомылу маусымы басталғанға дейін аяқталмаса, ресми ашылудан кейін де жалғаса береді.



