БастыЖаңалықтар
Өскеменге Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры келеді

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Өскемен қаласына гастрөлдік сапары 1–3 маусымға жоспарланған.
Гастрөлдік бағдарлама ұлттық және әлем әдебиетінің үздік туындылары негізінде сахналанған спектакльдерді қамтиды. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры сахнасында өтетін қойылымдар театр өнерін сүйер қауымға ерекше көркемдік әсер сыйламақ.
Гастрөлдік репертуар:
- 1 маусым, 18.30 «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы (авт.: Ә. Нұршайықов, реж.: Ф. Молдағали)
- 2 маусым, 11.00 «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі (авт.: А. Сент-Экзюпери, реж.: Д. Курочкин)
- 2 маусым, 17.00 «Қорғансыз» драмасы (авт.: М. Әуезов, реж.: Д. Жұмабаева)
- 3 маусым, 18.30 «Мұқағали. Музаға…» әдеби-музыкалық кеші (авт.: М. Мақатаев, реж.: Ф. Молдағали)
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының мекенжай: Қаныш Сәтпаев даңғылы, 55.



