Өскемен – Рахман қайнары тасжолында орташа жөндеу жұмыстары басталды
Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Рахман қайнары автомобиль жолының 0-45 және 110-140 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жоба аясында жол бойындағы ақауларды жою, жол жиегін нығайту, сондай-ақ су өткізгіш құбырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар жол жамылғысы толық жаңартылып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар іске асырылмақ, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
Аталған бағыт өңірдегі танымал туристік аймақтарға, соның ішінде Рахман қайнары мен оған жақын табиғи нысандарға апаратын маңызды көлік дәлізі. Жол инфрақұрылымының жаңартылуы туристер үшін қолайлы жағдай жасап, туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді.



