Өскеменде «East Podium – 2026» халықаралық сән жобасы өтті
23-24 мамыр күндері облыс орталығы Қазақстан мен шетелден келген дизайнерлерді, модельдерді және креативті индустрия өкілдерін біріктірген ауқымды мәдени алаңға айналды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, биылғы жобаның басты тақырыбы – «Көшпенділер коды». Бұл – қазақ даласының мәдениеті, дәстүрі мен эстетикасын заманауи сән, стиль және өнер арқылы жаңаша дәріптеу. Дизайнерлер ұсынған топтамаларда ұлттық ою-өрнектер, дәстүрлі пішіндер мен халқымыздың бай мәдени мұрасынан шабыт алған образдар көрініс тапты.
Жобаға Қазақстанмен қатар Тәжікстан, Иран, Грузия және Ресейден келген дизайнерлер қатысты. Подиумда Өскемен қаласының «Eurasian Fashion School» модель агенттігінің 50-ге жуық түлегі өнер көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар креативті индустрияны дамытуға, жастарды қолдауға және Шығыс Қазақстанның заманауи мәдени жобалардың орталығы ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді.



