БастыЖаңалықтар

Өскеменде «Студенттер аллеясы» болады

Өскеменде жаңа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Қала әкімі Алмат Ақышовтың тапсырмасымен Өскеменде қоғамдық аумақтарды жаңғырту және абаттандыру бағытындағы жаңа жобалар қолға алынды.

Шаһар басшысы нысандарға арнайы барып, жұмыс барысымен және жобалардың жүзеге асу процесімен танысты. Соның бірі – Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне қарама-қарсы бағытта орналасатын «Студенттер аллеясы». Жоба аясында заманауи демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандыру, жарықтандыру және шағын сәулеттік элементтер орнатылады.

Сонымен қатар Шәкәрім даңғылындағы «Бражий бұлағы» аталып кеткен аумақты абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба бойынша серуендеуге арналған кеңістік, көпірлер, демалыс орындары, көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қарастырылған.

Қала әкімі жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Жобалардың басты мақсаты – тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button