Жаңалықтар

Өскеменде Тарбағатай ауданының жәрмеңкесі өтеді

Өскеменде ертең Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жәрмеңке 23 мамыр күні сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,3 тонна болатын келесі өнімдер әкелінеді:

сиыр еті – 1,2 тонна;

жылқы еті – 1 тонна;

қой еті – 80 кг;

балық – 1 тонна.

Басқа жаңалықтар

Back to top button