Жаңалықтар

ШҚО-да зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбаны бола жаздады

Өскемен қаласының 87 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз адамдар өздерін ҰҚК және Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, әйелді ақшасын «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірмек болған.

– Әңгіме барысында алаяқтар зейнеткерге психологиялық қысым көрсетіп, қорқытуға тырысқан. Шығын көлемі 1 миллион 400 мың теңге болуы мүмкін еді. Абырой болғанда, Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері дер кезінде алаяқтықтың алдын алды. Полицейлер жедел түрде оқиға орнына келіп, егде жастағы әйелді сабырға шақырды. Сондай-ақ олар алаяқтармен телефон арқылы сөйлесуді жалғастырып, қылмыстық жоспардың жүзеге асуына жол бермеді, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері: құқық қорғау органдарының, банктер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін және жеке деректерді, кодтар мен банк картасының мәліметтерін сұрамайтынын ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button