Жаңалықтар
Өскеменде «Jasstar alemi» кеші өтті

Бүгін облыс орталығында «Jasstar alemi» open air кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Комсомол аралында өткен ашық аспан астындағы кешке қала жастары жиналды.
Кеште қаланың шығармашыл жастары өнер көрсетті.
Іс-шара барысында түрлі эстафеталар ұйымдастырылып, 6 команда өзара бақ сынады.
– Бүгін «Jasstar alemi» open air фестивалін өткізіп жатырмыз. Жастарды спортқа баулу мақсатында осындай іс-шара өткізіліп жатыр. «Jasstar alemi» фестивалі біздің қаламызда бірінші рет өтуде, – деді Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Бауыржанұлы.



