БастыЖаңалықтар

ШҚО-да құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді

ШҚО-да Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі.

Осы мақсатта ШҚО-да мал сойылатын арнайы 13 алаң белгіленді:

Өскемен қаласы — Атығай асуы (Алматы–Өскемен тас жолы);

Риддер қаласы — Д.Қонаев атындағы Риддер қалалық мешіті;

Алтай ауданы — «Тенар» қожалығы;

Глубокое ауданы — «Тастанбеков Ж.Т.» ЖК;

Зайсан ауданы — “Шығыс-А” мал сою пункті;

Күршім ауданы — «Мойнак» шаруа қожалығы;

Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы;

Ұлан ауданы — Атығай асуы;

Үлкен Нарын ауданы — Горный көшесі, 8/1;

Шемонаиха ауданы — Вокзальная көшесі, 236;

Катон-Қарағай ауданы — Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 82;

Марқакөл ауданы — Қалжыр ауылы;

Самар ауданы — Аққала ауылы, «Самар-Вет» мал сою алаңы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button